
Бердимуратова Алина Асанқызы
«№1 Сайрам балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры,
фортепиано сыныбының мұғалімі.
Бердимуратова Алина Асанқызы 1973 жылдың 11 маусымында Сайрам ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтын «Музыка мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, педагогикалық өтілі – 35 жыл, осы лауазымда – 15 жыл.
Біліктілік санаты – «Педагог-зерттеуші» (24.12.2021 ж.),
Бірінші санатты директор (18.10.2024 ж.).
Шәкірттері халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанған:
«Жұлдызың жансын!» (2024 ж., 1 орын – Авдасева Анастасия),
«Тәуелсіздік ұрпағы» (2024 ж., Бас жүлде – Иванова Анастасия),
«Қыс қызықтары» (2024 ж., 1 орын – Кемел Аружан).
Алина Асанқызының шығармашылық еңбегі мен басшылық қабілеті түрлі марапаттармен атап өтілген. Ол ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Түркістан облыстық білім басқармасының және Сайрам ауданы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие.
Өз кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында үнемі біліктілігін арттырып, педагогикалық және басқарушылық курстардан өтеді.
Отбасылы, бір ұл мен бір қыздың анасы.

Исхакова Перизат Жумабаевна
№1Сайрам балалар саз мектебінің «Домбыра » пәні мұғалімі.1994-1998ж Шымкент қаласы «Саз колледжін» бітіріп,1998ж Түркістан облысы,Сайрам ауданы,№1Сайрам балалар саз мектебіне домбыра пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрды. 2003-2005 жылы жоғары ҚӨГУ «Музыкалық білім» мамандығын бітірді. Пед өтілі: 24 жыл. 2014ж Тәрбие-ісі орынбасары қызметін атқарады. Санаты: Жоғары.Ұстанымы: «Өнерге талпыну үшін, ең алдымен,табандылық қажет».Бітіруші оқушылары Саз колледжін бітіріп,саз мектебінің болашақ ұстаздары болып жұмыс істеп жатыр.Көптеген аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Құрмет грамотасын» жеңіп алған үлгілі ұстаз. 2017ж «Мәртебелі мұғалім» медалын алған.2017ж «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» атағын алған, басылымдарға шыққан.
2017ж «Алғыс хат» басқарма басшысы И.Сағындықов2019ж. «Алғыс хат» Б.Ешенқұлов.
2020ж. «Үздік ұстаз» төсбелгісі Б.Белғожаева
2020ж «Сертификат» директор Р.Шер2021ж. «Алғыс хат» Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков. 2021ж «Диплом» басқарма басшысы Р.Қ.Жолаев.
2021ж. «Диплом» Б.Ешенқұлов
2022ж. Республикалық «Үздік ұстаз» байқауы «Алғыс хат» РС.Рыскелді