Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Ахмет Жұбанов
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Сайрам ауданының білім бөлімінің "№1 Сайрам балалар саз мектебі" МКҚК
Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Ахмет Жұбанов
Түркістан облысының білім басқармасының Сайрам ауданының білім бөлімінің "№1 Сайрам балалар саз мектебі" МКҚК
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/sairam-dmsh.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Біздің болашағымыз біздің балаларымыз, олардың өнерлі, мәдениетті, білімді,салауатты,жан-жақты дамыған, өркениетті тұлға болуы жолында атқарған еңбегіміз біздің болашағымызға қосқан игі үлесіміз. Біздің мектеп-ауданымыздың мәдениет деңгейінің көтерілуіне 46 жыл үлес қосып және оқушыға кәсіби білім беретін – өнер ошағы. Балаларымызға қосымша білім беріп, баланың бос уақытын дұрыс өткізуіне жаман жолға немесе жаман іс-әрекеттер жасамауына ықпал ету бағытында жұмыс атқарып келеді. Өнеркәсібі дамыған Сайрам ауданында балаларға арналған музыкалық мектепте жан-жақтан балалар келіп білім алуда (Жібекжолы, Манкент, Қарамұрт, Қызыл су, Қарасу, Ақбастау, Ақбұлақ, Қарабұлақ, Ынтымақ, Әйтеке би, Шапырашты).

Мектеп жыл сайын өтетін аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға үзбей қатысып, жүлделі орындар иегерлері атанып жүр. Бұл жеңістер ұжымдағы мұғалімдердің ерен еңбегінің жемістері. Мектебімізде 41 мұғалім қызмет атқарады. Біздің №1 Сайрам балалар саз мектебі ұжымы балаларды өнерге баулып, дарынды балаларды анықтап, талантты оқушылардың қатарын көбейту үшін, егеменді еліміздің өсіп – өркендеуіне өз үлесін қосып, мәдениетті жастарды тәрбиелеп, өскелең ұрпақтың жолындағы  қажырлы қызмет атқарып келеді!  №1 Сайрам балалар саз мектебін бітірген түлектері Саз колледждерінде, мемлекеттік консерваторияда оқуын осы салада ары қарай жалғастыруда. Мектебімізде жыл сайынғы жоспарларға сай мектеп ішілік байқаулар, есеп беру концерттері, олимпиадалар, жалпы білім беру мектептерге үгіт-насихат концерттер, қайырымдылық концерттер ұйымдастырылады. Соның ішінде мектепішілік әр бөлімде байқаулар өтеді.