Түркістан облысы білім басқармасы Сайрам ауданы білім бөлімінің №1 Сайрам балалар саз мектебінде “Төрт тоқсан-төрт өнер “Ұлттық мәдени - ағартушылық жобаның аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында, домбыра мұғалімі Буркубаева Гулимжан Тлеубергеновна “Тілім-тұмарым“ атты тәрбие сағатын өткізді. Тіл-халық тарихы, тіл-ұлттық қазына. Тіл біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз. Қазақ тілі -қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазынамыз екенін оқушыларымыз осы тәрбие сағатында жіте бір-бірімен бөлісті.