#nauryznama_2025
#Қосымша_білім_бөлімі
#Румцдо
21 наурыз – Ынтымақ күні.
Ынтымақ сөзі береке-бірлік, татулық сөздерінің баламасы ретінде қолданылады. Халқымыз бірлік, ынтымақ мәселесіне ерекше мән беріп, оны өмірдің өзегіне балап, оның мән-маңызын «Ырыс алды ынтымақ», «Бірлік болмай тірлік болмас», «Ынтымақ түбі - игілік» дейтін мақалдар арқылы жеткізген. Бүгінгі күні де Қазақстанның өсіп-өркендеуінде халықтың ортақ мақсат-мүдделердің айналасына бірігуі, берекесі мен татулығы негізгі тірек болып отыр.